Түркістанда халықаралық қолөнершілер және экологиялық жәрмеңкелер көрмесі өтті. Оған еліміздің барлық өңірі мен шетелден 200-ге жуық шебер келді. Олар өздерінің бірегей туындыларын көпшілік назарына ұсынды. Керамика, ағаш, былғары, металл, киіз және тоқыма бұйымдары, сондай-ақ табиғи әрі экологиялық таза өнімдер қойылды.