Жасанды интеллект дәуірінде қазақ тілін қалай дамыту керек? Бұл мәселе Түркістанда өтіп жатқан «Қазақ тілі - ғылым тілі» халықаралық симпозиумында талқыланды. Биыл үшінші рет ұйымдастырылған жиын «Digital Qazaqstan дәуіріндегі ғылыми трансформацияға» арналды. Тақырып туралы толығырақ әріптесім Жұлдыз Шалхарбек тарқатады.