Өткен жылыту маусымында Түркістан облысында 6 адам көмірқышқыл газына уланып, қайтыс болды. Тағы үш тұрғын түрлі жарақат алған. Ал соңғы 9 айда өңірде 288 өрт оқиғасы болып, 5 адам көз жұмды. Төтенше жағдайлардың 70 пайызы электр желілерінің тозуы мен қысқа тұйықталуынан болған. Осыған байланысты құтқарушылар жылу маусымы қарсаңында аулаларды аралап, түсіндіру жұмыстарын бастады. Рейд барысында облыстағы 27 мыңға жуық әлеуметтік осал отбасы қамтылады. Қазірдің өзінде бірқатар баспанада пеш мұржаларының талапқа сай еместігі анықталып отыр.