Түркістан
EN

Қорғаныс министрлігі есінен адасқан сарбазға қатысты мәлімдеме жасады

224
20.05.2022

Маңғыстау облысында әскерде жүрген сарбаз ақыл-есінен адасты. Желіде тараған бейнежазбадан оның аурухана төсегінде ес-түссіз, түрлі әрекет жасап жатқан байқалады. Талғат Айтмұханов әскерге мамыр айының басында шықырылған. Арада екі апта өткенде осындай күйге түскен. Отан алдындағы әскери міндетін өтеуге кеткен ол 18 мамыр күні психикалық ауытқу байқылды деген желеумен ауруханаға алып барған. Ал қорғаныс министрлігі сарбазды медициналық тексеруден өткізу үшін облыстық емханаға жеткізілгенін мәлімдеді. Бірақ тексеру нәтижесінде жігіттен дене жарақаты анықталмаған. Мамандар сарбазды қайта тексеруден өткізуді жоспарлап отыр.