Түркістан
EN

1700 ден астам заңсыз қару анықталды

24
28.09.2026

Жыл басынан бері елімізде заңсыз айналымда жүрген 1700-ден астам қару-жарақ тәркіленді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Тәртіп сақшылары төрт жыл бұрынғы «Қаңтар оқиғасы» кезінде қару-жарақ ұрлаған азаматтарды іздестіру жұмыстарын үздіксіз жүргізіп жатыр. Осы бағыттағы жедел шаралардың нәтижесінде азаматтардан 152 қару  табылған. Сонымен қатар, елімізде заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсыру бойынша республикалық акция өтіп жатыр. Осы уақытқа дейін азаматтар 900-ден астам қару мен 6 мыңға жуық оқ-дәріні полицияға өз еркімен өткізді. Айта кетейік, қаруды өз еркімен әкеліп тапсырған тұрғындар заң аясында қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен толық босатылады.