Түркістан
EN

Арыстың ағаш өсіру тәжірибесі мамандарға таныстырылды

4
28.09.2026

Арыс қаласындағы осыдан 3 жыл бұрын құрылған тұқымбақтың аумағы бүгінде 1 гектарға жеткен. Осы кезең аралығында тұқымбақтан 52 мың түп көшет алынған. Олар ауылдық округтерге, мекемелер мен тұрғындарға тегін таратылып, ауларды көгалдындыруға пайдаланған. Мұнда көшеттер сырттан дайын күйінде әкелінбейді. Аймақтағы жақсы өсіп тұрған ағаштардан тұқым жиналып, сол арқылы көшеттер өндіріледі. Тұқымбақтың тағы бір ерекшелігі тазартылған кәріз суын қайта қолдану жүйесі арқылы суғарылады. Бұл су ресустарын едеуір үнемдейді.  Аймақта осы жұмыстарды жетілдіруге арналған семинар өтті. Оған облыстағы тиісті сала мамандары қатысып, жергілікті жерде өсіп тұрған ағаштардан тұқым жинау, оны егу, көшеттерді күтіп-баптау және суару тәсілдерімен танысты. Табиғат жанашырлары өзара тәжірбие алмасты.