Түркістан
EN

Интернет казино ойыншыларының ақшасын қолма қол ақшаға айналдырған

2
28.09.2026

Қарағанды облысында интернет-казиносының ойыншыларына қатысты қаржы операцияларын ұйымдастырған топтың әрекеті әшкереленді. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдіктілер казино өкілдерімен Қазақстан аумағында ақша қабылдау және шығару туралы келісімге келген. Бірі қылмыстық схеманы үйлестіріп, казино өкілдерімен байланыс орнатса, екіншісі дропперлерді іздеп, олардың банк шоттарын пайдалануды ұйымдастырған. Қарағандыдағы жалға алынған кеңседе операторлар тәулік бойы ауысыммен жұмыс істеген. Қазіргі таңда осы іске қаьысы бар екі күдіктіі үйқамаққа алынды.