Аудиторлар қорғаныс министрлігінде бюджет қаражатының жұмсалуын тексеріп жатыр. Бұған дейін президент тексерудің алғашқы нәтижелерін бір апта ішінде ұсынуды тапсырған еді. Комиссияны Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаева басқарады. Оның орынбасары болып Жоғары аудиторлық палатаның басшысы Әлихан Смайылов тағайындалды.Комиссия құрамында Президент Әкімшілігінің, Қаржылық мониторинг агенттігінің, Қауіпсіздік кеңесінің, Қаржы министрлігінің, Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері бар.