Түркістан облысы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны бойынша республикада Астана мен Алматыдан кейінгі үшінші орында. Бүгінде өңірде 216 мыңға жуық кәсіпкер бар. Аймақта іс бастағандардың жұмысын жеңілдетіп, түйткілді мәселелерін шешу үшін бақылау-қадағалау органдарының «Бірыңғай есеп беру күні» өтті.