Қазақстан Халық Кеңесінің 17 мүшесі Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге қаржылай көмек көрсетеді. Бұл туралы Халық Кеңесінің Баспасөз қызметі хабарлады. Қайырымдылық бастамасына еліміздің әр өңіріндегі бизнес өкілдері қосылып жатыр. Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының хабарлауынша, қаражат қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына тікелей беріледі.