Референдумдық штаб насихаттау жұмыстарын жүргізуде

173
19.05.2022 05:37

Егер Конституциялық сот құрылса құқықтық салаға оң серпін берері анық. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі де ата заңға таңбалана ма жоқ па Референдумда айқындалады. Сондықтан да 27 жылдан кейін болғалы отырған саяси науқанда әрбір азаматтың дауысы маңызды болмақ. Түркістан облысының референдум штаб мүшелерінің халықпен жүздесуінде басты құжатқа енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар кеңінен түсіндірілді. Арнайы құрылған штабтың мақсаты- 5 маусымда өтетін бүкілхалықтық референдумның маңызын айқындап, халыққа түсіндіру. Айта кетсек, елімізде 3 рет өткізілгелі отырған саяси науқан арқылы Ата заңымыздың 33 бабына 56 толықтыру енгізілмек. Мәселен, реформа аясында Конституциялық сот құрылады. Мұндай жүйе әлемде 118 мемлекеттің 70-інде ғана бар. Ал ол несімен тиімді? Штаб мүшелері халыққа құқық қорғау саласы бойынша енгізілетін маңызды өзгерістерге кеңінен тоқталды. Атап айтсақ, референдум арқылы адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, яғни омбудсменнің мәртебесі Ата заңмен айқындалмақ. Референдумның мақсаты мен маңызы туралы тыңдаған түркістандық бір топ ана саяси науқанға міндетті түрде қатысамыз деп отыр. Олар Ата заңға енетін өзгерістер мен тузетулер туралы ойларын ашық білдірді. Айта кетсек, референдумдағы өзгертулердің мәні «Күшті Президент, ықпалды Парламент және есеп беретін Үкімет» қағидатына саяды.  Оны қабылдау немесе қабылдамау халықтың өз еркінде. Сондықтан да әрбір азаматтың дауысы маңызды.