Түркістан
EN

Президент Қасым Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

16
23.10.2026

Бүгін Ақорда төрінде еліміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген еңбек адамдары мен зиялы қауым өкілдері мемлекеттік жоғары наградаларға ие болды. Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ азаматқа  орден мен медаль табыстап, елдік мүдде мен қоғам дамуы жолында тер төккен жандарға ерекше құрмет көрсетті.