Түркістан қаласында балалар мен жасөспірімдерге арналған жаңа ұлттық спорт кешені ел игілігіне берілді. Жергілікті бюджет есебінен салынған жаңа ғимараттың құрылысына 620 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Кешенде 300-ге жуық бала спорттың бірнеше түрімен еркін шұғылдана алады. Толығырақ келесі сюжетте...
Жаңадан қолданысқа берілген ғимараттың аумағы 820 шаршы метр. Мұнда шәкірттер қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату және садақ ату сынды спорт түрлерін меңгереді. Алдағы уақытта спорт нысанында 300 ге жуық спортшы тәрбиеленеді. Жас спортшылар тәжірибелі 9 жаттықтырушының жетекшілігімен шеберлігін шыңдайды.