Баку қаласында Сауытбек Әбдірахмановтың «Корифей» кітабының әзербайжан тіліндегі нұсқасының тұсауы кесілді. Туындыны түркі мәдениеті мен мұрасы қоры басып шығарды. Кітапқа көрнекті қазақ ойшылы, жазушы һәм қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың бай мұрасы туралы зерттеулер енген. Бауырлас елдің Баку шаһарында кешеден бері халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр. Ол 26 қазанға дейін жалғасады. Кітап авторы туындының әзербайжан тілінде жарық көруі жазушы мұрасын түркі әлеміне танытуға жол ашатынын айтады.