Түркістан
EN

Каспийдегі әскери қызметшілердің қазасы екі бап бойынша тергеліп жатыр

1
28.09.2026

 Каспидегі қайғылы жағдайға байланысты 2 бап бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр. Іс Қылмыстық кодекстің 453-бабының 2-бөлігі  «Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау» және 465-бабы  «Кеме жүргізу қағидаларын бұзу» бойынша қаралады. Кеше түнгі сағат 22:30-да Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Үкіметтік комиссияның отырысы өтті. Тергеу аясында ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Қанат Бозымбаев болған оқиғаның барлық мән-жайын қысқа мерзімде анықтап, қайғылы жағдайға кінәлі тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Үкіметтік комисссияның жұмысы жалғасуда.