Бүгін - Жалпыұлттық аза тұту күні. Маңғыстау облысындағы әскери қызметшілердің қазасына байланысты Мемлекет басшысы осындай шешім қабылдап, тиісті өкім шығарды. Елдің барлық аймағындағы мемлекеттік ту төмен түсіріліп, ойын-сауық хабарлар тоқтатылды. Сондай-ақ өңірлерде бүгін өтуі тиіс шаралар кейінге қалдырылды.