Түркістанда «Құқықтық кеңес» акциясы өтті. Қала тұрғындары өздерінің заңды құқықтары мен міндеттері, заңнамадағы өзгерістер, әкімшілік мәселелер бойынша кеңес алды. Оларға 10 мемлекеттік мекеменің өкілдері ақпарат берді. Науқан таңертең басталып, кешкі сағат 18:00-ге дейін жалғасты.