Ақтөбеде кәсіпкер қазандыққа жағатын 11 млн литрден астам сұйық отынды заңсыз жолмен сатқан. Жеке кәсіпкер аумағы 10 мың шаршы метр өндірістік базада отынды өз бетінше әзірлеген. Оған шикізат ретінде пайдаланылған майларды, мұнай қалдықтарын және құрамында мұнайы бар өзге де қоспаларды қолданған. Сөйтіп, 11 миллион литрден астам сұйық отын сатып, одан 778 миллион теңге табыс тапқан. Кәсіпкер заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды. Айта кету керек, заңсыз жолмен өндірілген отын ұлттық сапа стандарттарына сай келмейді. Мұндай затты тұрмыстық және өнеркәсіптік қазандықтарда жақса, ауаға улы заттар тарауы ықтимал.