Елімізде мұнай өңдеу қуаты арта түспек. Үкімет басшысы Олжас Бектенов осы саланы дамыту мәселелері бойынша арнайы кеңес өткізді. Жиында Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалу барысы сараланды. Жоспарға сәйкес, 2030 жылға қарай Шымкенттегі зауыттың өнім шығару қуатылығы 12 млн тоннаға, ал 2031 жылға қарай Павлодар зауытының қуатылығы 9 млн тоннаға жеткізіледі. Сондай-ақ, Атырау мұнай өңдеу зауытының 6,1 млн тоннаға дейін өнім шығаруға қауқарлы болады. Осы жобалар іске асса, үш зауыттың жалпы қуаты жылына 28,8 млн тоннаға жетеді. Мұнымен қоса, Үкіметте төртінші мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі де пысықталды. Жиын барысында жаңа зауыттың қуаты, орналасатын орны, шикізат базасы мен экономикалық моделі бойынша нақты шешім қабылдау жүктелді.