Түркістан қаласында кезекті «Борышкер» профилактикалық шарасы өтті. Мұндай рейд жыл басынан бері 4-ші рет ұйымдастырылып отыр. Негізгі мақсат – азаматтардвң мемлекет пайдасына өндірілетін қарыздары мен алимент берешегін өтеуді қамтамасыз ету. Рейдке прокуратура, әділет департаменті, мемлекеттік кірістер басқармасы, полиция және жеке сот орындаушылары қатысты. Рейд барысында борышкерлердің берешегі тексеріліп, қарызды өтеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қала прокуратурасының мәліметінше, мұндай профилактикалық рейдтер тұрақты түрде ұйымдастырылмақ.