Құрылтай депутаты жастарды блогерлерден гөрі ғалымдар мен инженерлерге еліктеуге шақырды. Дихан Қамзабекұлының айтуынша, ғылым мен технологияға қызығушылықты мектептен қалыптастыру керек. Ал, қазір жастардың бір бөлігі әлеуметтік желідегі блогерлер мен коучтарға еліктеп, көп күш жұмсамай тез ақша табуға ұмтылады. Сондықтан Қаныш Сәтбаев, Шапық Шөкин, Мұрат Айтқожин секілді ғалымдар мен инженерлердің еңбегін кеңінен насихаттау қажет деп есептейді.