Түркістан
EN

Президент Қауіпсіздік кеңесі аппаратына жаңа міндеттер жүктеді

9
24.09.2026

Ел Президенті, Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев дербес мемлекеттік орган ретінде құрылған Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының алғашқы кеңесін өткізді. Мемлекет басшысының пікірінше, әлемдегі ахуалдың құбылмалы кезеңінде Қауіпсіздік кеңесі маңызды мәселелер бойынша жан-жақты талдау жасап, нақты шешімдер қабылдайтын орталыққа айналуы тиіс. Президент бүгінде сын-қатерлердің сипаты өзгеріп жатқанын атап өтті. Осыған байланысты киберқауіпсіздік пен жасанды интеллектіні қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар ақпарат, технология, азық-түлік, су және энергетика қауіпсіздігі алдағы уақытта өзектілігі арта түсетін бағыттар ретінде аталды. Кеңес қорытындысы бойынша аппаратқа бірқатар нақты міндет жүктелді.