Түркістан облысы Қазығұрт ауданында тамақ өндірісі дамып келеді. Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отырған кәсіпорындардың өніміне қазір елімізден бөлек, көрші мемлекеттерден де сұраныс көбейген. Мұндағы шаруалар дәстүрлі тәсілден, заманауи озық технологияға көшкен. Өндірістің тыныс-тіршілігі жайында әріптесім Көркем Әбдіғали баяндап береді.