Түркістан
EN

Екі ірі инфрақұрылымдық жоба іске асуда

1
24.09.2026

Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасы аясында Шымкент қаласының  әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқын алды. Үкімет мегаполистегі екі ірі стратегиялық жобаға — яғни,  жаңа перинаталдық орталық пен халықаралық әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға қазынадан 33,5 миллиард теңге бөлді. Бұл қаражат өңірдегі транзиттік әлеуетті арттырып, ана мен бала денсаулығын сақтау сапасын жақсартуға бағытталмақ.