Түркістан
EN

Нысандардың 80 пайызы жылыту маусымына дайын

1
24.09.2026

Түркістан облысында әлеуметтік нысандардың  80 пайызы жылыту маусымына дайын. Нақтырақ айтсақ бүгінге дейін өңірдегі 2332 нысанның 1871-і қысқы кезеңде қауіпсіз әрі қалыпты жұмыс істеуге әзір екенін растайтын  арнайы құжат алған. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды. Салаға қатысты атқарылып жатқан жұмыстарды Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы баяндады. Сөзінше,  қазір Кентау, Түркістан қалалары мен Созақ ауданында жылу желілерін жөндеу жұмыстары жоғары қарқынмен жүргізілуде.