Шетелге заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару механизмі одан әрі жетілдіріледі. Бүгін Құрылтай депутаттары қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Еуропалық конвенцияны ратификациялады. Енді еліміздің құқық қорғау органдары шетелдік әріптестерімен тікелей байланыс орнатып, кез келген қылмыстық іс бойынша бұлтартпас дәлелдемелерді сұрата алады. Ең бастысы, шетелге заңсыз асырылған активтерді іздестіру мен оларды Қазақстанға қайтару бағытында жан-жақты құқықтық көмек алуға мүмкіндік туып отыр. Сонымен қатар мақұлданған құжат аясында қазақстандық тергеушілер өзге елдерде өтетін процессуалдық әрекеттерге өздері қатыса алады. Заңда азаматтардың құқығын қорғауға да басымдық берілген. Межеленген тәртіп бойынша шетел азаматы қамауға алынса немесе ұсталса, оның талабы бойынша бұл жайында сол елдің консулдығына шұғыл хабарланады.