Алматы қаласының күніне орай Алатау баурайында ауқымды мерекелік шаралар өтті. Мерекелік бағдарламаға еліміздің түкпір-түкпірінен өнер ұжымдары жиналды. Қала күнін атап өтуге Түркістан облысынан «Конгресс холл» кешенінің «Жаңа леп» шығармашылық ұжымы мен «Самғау» би ансамблі де барды. Түркістандық өнерпаздар қала тұрғындары мен қонақтарына әннен шашу шашып, ұлттық өнерімізді кеңінен насихаттады. Сонымен қатар мерекелік сахнада «Самғау» би ансамблі өнер көрсетіп, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.