АҚШ президенті Дональд Трамп ресми құжаттарда «жасанды интеллект» орнына «суперинтеллект» терминін қолдануды ұсынды. Ақ үй басшысы бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының мінберінен мәлімдеді. Оның пікірінше, «жасанды» деген сөз бұл технологияны жалған етіп көрсетеді. Трамп жаңа атауды өзге елдердің де қолдануын қалайтынын және ЖИ-дің дамуына шектеу қоюға қарсы екенін жеткізді. Ал, қауіпсіздік мәселелерін Әділет департаменті мен құқық қорғау органдары арқылы қатаң бақылауда ұстауды ұсынды.