Түркияның батысындағы мектептердің біріне қарулы шабуыл жасалды. Қанды оқиға Маниса провинциясындағы кәсіптік-техникалық мектептің алдында болды. Күдікті сабаққа келген оқушыларға аңшы мылтығынан оқ жаудырған. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, төрт адам зардап шеккен. Оның көбі — мектеп оқушылары. Қаскөйдің бұл әрекетке не себепті барғаны әлі белгісіз. Айта кетейік, бұл Түркияда жыл басынан бері тіркеліп отырған мектептегі алғашқы атыс емес. Осыған дейін сәуір айында Қахраманмараш провинциясында 14 жастағы оқушы сыныпта оқ атып, 9 адам қаза тапқан еді.