Түркістан
EN

Автомектептердің жұмысы қатаң бақылауға алынады

21
23.09.2026

Енді еліміздегі автомектептердің жұмыс сапасы қатаң бақылауға алынады. Қажет болса жұмысын тоқтады. Үкімет басшысы Олжас Бектенов жаңадан көлік үйренушілер жауапкершілікке ат үсті қарап жол ережесін жиі бұзатынын айтады. Сондықтан, көлік жүргізуді үйрететін оқу орындарын қатаң бақылауға алып, талапқа сай келмейтіндерін жалпы тізімнен  шығару керек деді. Ондай мектептердің жұмыс сапасын реттеу және үйлестіруді салаға жауапты Ішкі істер министрлігіне тапсырды.