Түркістан
EN

Жол жүрісі қағидаларын бұзудың 20 мың фактісі дрондардың көмегімен анықталды

17
22.09.2026

Ұшқышсыз ұшу аппараттары ел аумағындағы жолдарда 20 мыңнан аса заңбұзушылықты әшкереледі. Озық технологиямен жабдықталған дрондар бейнежазбаны нақты уақыт режимінде полицияға жолдаған. Ереже бұзғандардың көшбасында қауіпсіздік белбеуін тақпағандар тұр.  3200-ге жуық жағдай. Сондай-ақ, көлік жүргізіп бара жатып, телефон қолданған 2 мыңнан астам жүргізушіге де айыппұл салынды. Одан өзге, сыртқы жарық құралдарын пайдалану қағиаларын бұзғандар, маневр жасап, базып озуға тырысқандар да айыппұл арқалағандардың тізімінде бар.   Құзырлы органдар бұл технология жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті сақтауда тиімді құралға айналғанын айтады.