Түркістан
EN

Биыл 1,1 млн гектар алқап суғарылған

15
22.09.2026

Биыл елімізде 1,1 млн гектар егістік алқабына түрлі дақылдар егіліп, оған 11 млдрд текше метрден астам су жұмсалды. Сала министрі Нұржан Нұржігітов мамандармен кеңес өткізіп, келер жылға дайындықты қазірден қолға алу керек дейді. Жоспарда суару желілерін тазалау және жөндеу, су көздерінің мүмкіндіктерін ескеріп пайдалану режимін бекіту тұр. Сонымен қатар биік орналасқан учаскелерге сорғы қондырғылары арқылы су беруді ұйымдастыру, оны бөлу мәселелерін шешу және төтенше жағдайлар туындаған кезде жедел әрекет ету үшін тұрақты мобильді жұмыс топтарын құру көзделіп отыр. Сала министрлігі осы міндеттерді келер жылдың суару кезеңіне дейін орындауды тапсырды.