Оксфорд университетінің студенттері қазақ тілін үйренуге кірісті. Шетелдік білім алушылар Ұлыбританиядан келген. 2024 жылы пилоттық негізде енгізілген жоба қазақ тілін практикалық тұрғыда меңгеруге мүмкіндік береді. Олар алдағы уақытта қазақ тілінің сөздік қорын меңгеріп, күнделікті қарым-қатынаста сөйлеуге машықтанады. Сабақты Ахмет Ясауи университетінің профессор-оқытушылары заманауи әдістеме негізінде жүргізеді.