Түркістан
EN

Егіс жұмыстарына тиесілі қаражат жымқырылған

14
22.09.2026

Қарағанды облысында егін науқанына бөлінген қаржыны жымқырды деген күдікпен «Рашан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры құқық қорғау орындарына жауап беріп жатыр. 2025 жылы «Кең Дала 2» бағдарламасы аясында «Аграрлық несие корпорациясының» филиалы мен «Рашан» ЖШС арасында айналым қаражатын толықтыру үшін қарыз беру туралы шарт жасалған. Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» кепілдік беріп, компанияның шотына 300 млн теңге аударылған. Оның 148 млн теңгесі тұқым сатып алуға бөлінсе, қалған 152 млн теңге ауыл шаруашылығы техникасын жалға алуға, соның ішінде жанар-жағармай мен еңбекақы шығындарына қаралған. Алайда, Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті іс жүзінде көрсетілген жұмыстардың еш бірі орындалмағанын анықтады.