Елімізде 1-қазаннан бастап әлеуметтік төлемдер тағайындау бойынша талап күшейеді. Ол үшін бүгінде Отбасының цифрлық картасы ақпараттық жүйесі іске қосылып, тұрғындар арасында сауалнама жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде келер айдан бастап азаматтарға халыққа әлеуметтік төлемдерді тағайындау шарттарындағы өзгерістер бойынша хабарлама келе бастайды. Бүгінге дейін мүгедектігі бойынша жәрдемақы алу үшін жалған құжат жасаған 167 жағдай анықталған. Сондай-ақ, 17 мыңға жуық азамат медециналық деректерді бірдей көрсетіп, әлеуметтік көмек алу үшін жымысқа әрекетке барған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев премьер министр Олжас Бектеновке жасаған баяндамасында айтты. Енді ұсыныстар бойынша бұл туралы заңнаммаға түзетулер әзірленіп, Құрылтайдың қарауына енгізіледі.