Жетісу облысында жүк пойызының машинисі теміржол бойында жалғыз жүрген төрт жасар баланы апаттан құтқарып қалды. Оқиға Сарыөзек – Үштөбе учаскесінде болған. Сағатына 38 шақырым жылдамдықпен келе жатқан жүк пойызының машинисі рельс маңында жалғыз жүрген кішкентай баланы көріп қалады. Арақашықтықты есепке алған ол бірден қызметтік тежеу құралын қолданып, пойыз тоқтатқан. Сосын машинист бүлдіршінді кабинаға отырғызып, жағдайды дереу диспетчерге хабарлайды. Сосын оны станцияның кезекшісіне тапсырған. Қазіргі уақытта баланың теміржол бойында неге жалғыз жүргені анықталып жатыр.