Республикалық референдумға 11 млн 700 мыңға жуық адам қатысады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты. Қазақстанда 10 мыңнан астам учаске іске қосылады. Мүгедек адамдарға ыңғайлы болуы үшін инвотакси қызмет көрсетеді. Айта кетейік, референдумды өткізуге 16,4 млрд теңге бөлінген. Оның 80 пайызы осы шарада қызмет ететін 71 мыңға жуық адамның жалақысына кетеді. Қалған 21 пайызы дауыс беру учаскелерінің материалдық-техникалық өажеттілігіне, ел аумағында арнайы билбордтарды орналастыруға жұмсалмақ.