Түркістан
EN

4 мыңнан аса азамат сенбілікке шықты

20
21.09.2026

Халықаралық акцияға Түркістан облысы тұрғындары да атсалысты. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров бастаған табиғат жанашырлары таңсәріден тау етегіне бет алды. 4 мыңнан аса мемлекеттік қызметкер, еріктілер мен ауыл тұрғындары Ащысай шатқалын күл-қоқыстан тазартты. Айта кетейік,  тау жоталары 3 өңірдің барыс келісін жалғайтын жалғыз жол. Сондықтан мұндағы тазалық мәселесі үнемі өзекті.