Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев жастармен және экобелсенділермен бірге Президент саябағының аумағында ағаш екті. Сондай-ақ жауапты мемлекеттік органдар басшыларының есебін тыңдап, Елорданы абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.