Арыстық тұрғындар жылдар бойы жол азабын тартып келеді. Айтуларынша, Ақдала ауылдық округіне қарасты «Ақиқат» көшесі қыста батпақ, жазда шаң. Жергілікті жұрт жолды өз күшімен жөндеуге де бірнеше рет әрекет жасаған. Ал әкімдік көшеге келер жылы асфальт төсеуді жоспарлап отыр. Алайда тұрғындар бұл жолы да мәселе кейінге шегеріліп қала ма деп алаңдайды.