Түркістан облысында жазғы мектеп ұйымдастырылады. Бұл бастама орта білім беру ұйымдарында 26 мамырдан бастап 17 маусым аралығында өтеді. Жазғы мектеп білім сапасын арттыру мен карантиндік кезінде кеткен олқылықтардың орнын толтыруды көздейді. Аймақтағы 612 мектепте 86 430 оқушы жеке оқу пәндері бойынша білім алатын болды. Ол үшін 25 мамырға дейін балалар мен олардың ата-аналарының өтініштері қабылданады. Жазғы мектепте оқу процесі еркін форматта ұйымдастырылады, бағалау жүргізілмейді, оқушыларға үй тапсырмасы берілмейді.