Түркістан
EN

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көшбасшы мектеп

4
18.09.2026

Түркістан облысы Созақ ауданында өндіріс орындарының жұмысшыларына арнайы жұмыс киімін тігетін кәсіпорын табысты жұмыс істеп келеді. Мұнда жылына   25 мың жұп шұлық, 10 мың  жұмыс киімі және 5 мың арнайы жамылғы тігіледі. Жобаға 250 млн теңге инветиция тартылған. Өнімдер негізінен аудандағы ірі тау-кен кәсіпорындарына өткізіледі. Қазіргі таңда мұнда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров ауданға іс-сапары кезінде цехтың жұмысымен танысты. Өңір басшысы кәсіпорынның өндірістік әлеуетін арттыру, өнім сапасын тұрақты бақылауда ұстау бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.