Түркістан облысы Шардара су қоймасынан 264 келі балықты заңсыз аулаған екі азамат ұсталды. Олар қайық пен торларды пайдаланып, айдынға ау салған. Аудандық полиция қызметкерлері дер кезінде әрекет етіп азаматтардың ісін тоқтатты. Олардан әртүрлі балық түрлері, қайық және аулау торлары тәркіленді. Аталған факт бойынша барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар атқарылуда. Тергеу нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шешім қабылданатын болады.