Түркістан
EN

Елімізде инвестиция тартудың жаңа жүйесі іске қосылды

1
18.09.2026

Қазақстанда экономикаға инвестиция тартудың жаңа жүйесі іске қосылды. Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін «Бәйтерек» холдингі қайта құрылып, енді мемлекеттік бюджеттің ақшасына қарап отырмай, жеке кәсіпкерлер мен шетелдік инвесторлардың капиталын пайдалану мүмкіндігі пайда болды. Нәтижесі де жаман емес. Биыл елдегі жобаларға салынған қаржының 86 пайызы  инвесторлардың ақшасы мен банк несиелері.  Бұл  инвестиция отандық өңдеу өнеркәсібіне, жаңа зауыттар салуға, агросектор мен тозығы жеткен коммуналдық желілерді жөндеуге бағытталуда. Қарапайым кәсіпкерлер үшін де қолдау жеңілдеді. «Даму» және «Өрлеу» бағдарламалары арқылы шағын бизнеске 7 миллиард теңгеге дейін жеңілдетілген несиелер мен кепілдіктер берілуде. Ал фермерлер техниканы лизингке алу үшін өтінімді үйден шықпай-ақ онлайн жіберіп, жасанды интеллект арқылы жауабын 10 минутта ала алады. Бұл жүйе елде мыңдаған жаңа жұмыс орнын ашып, еліміздегі зауыттар санын көбейтпек.