Биыл қыркүйек айынан бастап, Шымкент көшелерінде ескі автобустардың жүруіне тыйым салынады. Бұған дейін әлеуметтік желілер мен IKomek ситуациялық орталығына қоғамдық көліктерге қатысты 100-ден астам шағым келіп түскен. Сондай-ақ мегаполис жолдарының сапасын қадағалау күшеймек. Өйткені қара тізімге енген жол салғыш компаниялар жетерлік.