Түркістанның орталығы жаңа кейіпке енгенімен, шеткері аумақтар мен ішкі көшелердің әлі де жөндеуді қажет ететіні жасырын емес. Шаһардағы 143 көшенің тұрғындары әлі күнге дейін шаң мен батпақтан арыла алмай отыр. Бұл қиындықты түпкілікті шешу үшін биыл қазынадан 6 жарым миллиард теңге бөлініп, көлік жүрмейтін ішкі жолдарға асфальт төсеу жұмыстары басталды.