Түркістан
EN

Қоғамдық кеңес отырысы өтті

27
17.09.2026

Түркістан облысында біліктілігін анықтауға арналған тестілеуге қатысқан ұстаздардың 65 пайызы төмен көрсеткіш көрсеткен. Бұл мәселе тек мұғалімдерге ғана емес, білім беру ұйымдарының басшыларына да қатысты. Сондықтан облыстық білім басқармасы педагогтердің біліктілігін арттыру үшін біршама бастамаларды іске асыруда. Мәселен қазір ауыл мектептеріндегі 4600-ден астам педагогті қайта оқыту жұмыстары жүріп жатыр. Ол үшін білім инновация лицейінің жоғары санатты ұстаздары жұмылдырылады. Оқыту 10 ай бойына жалғасады. Бұдан бөлек тағы 3 жыл бойы менторлық сүйемелдеу жүргізілмек. Оған қоса, бұдан былай өңірдегі оқыту орталықтарына да талап күшейіп отыр. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Ғалымжан Орынов қоғамдық кеңес отырысында баяндады.