Түркістандық кәсіпкерлер жыл басынан бері мемлекетке 120 млрд.теңгеге жуық салық төлеген. Ел қазынаға түскен кіріс былтырға қарағанда 37.5 млрд теңгеге артық. Мамандар оған қосылған құн салығындағы өзгеріс себеп болғанын айтады. Яғни, тауардың құнына қосылатын қосымша салық 12 пайыздан 16-ға өскен еді. Бүгінде, Түркістан облысында 5 мыңға жуық кәсіп иесі салық төлейді. Десе де, табыс көзін жалған көрсетіп салықтан жалтаратындар да азаймай тұр. Бұл бойынша сала мамандары үздіксіз тексеріс жүргізіліп жатқанын айтады. Сондықтан, тұтунышылардан да қызмет алған кезде кәсіп иесінен түбіртек талап етулерін сұрайды.