Түркістан
EN

Сарбаздарды әскер түріне бөлуге ЖИ көмектеседі

7
17.09.2026

Енді әскерге шақыру кезінде құжат рәсімдеу мен сарбаздарды әскери бөлімдерге іріктеп бөлу ісін жасанды интеллект атқарады. Цифрлық құрал әрбір азаматтың денсаулық жағдайы мен білім деңгейін жан-жақты есепке ала отырып, оның қай әскер түріне сай келетіні туралы арнайы ұсынымдар әзірлейді. Мұндай озық технологияны қолдану  комиссия мүшелерінің уақытын айтарлықтай үнемдеп, қызметтің жедел әрі өзара үйлесімді жүзеге асуына мүмкіндік бермек. Сондай-ақ әскерде жүрген сарбаздар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасын төлеуден босату ісі де автоматты түрде жасалады. Бұрын әскери қызметкерлер деректерді өздері енгізіп, уақыт жоғалтатын. Айта кетейік, құжаттар электронды түрде рәсімделгенімен, әскерге шақырылушы азаматтар бәрібір де жинақтау пунктіне өздері баруы міндетті.