Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша өзге аймақтардың барлығын басып озды. Бұл туралы облыстық мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессиясында айтылды. Алқалы жиында алдағы жылдарға арналған облыстық бюджет пен даму жоспары бекітілді. Сессияда өңірдің дамуына қатысты 20 мәселе қаралып, осы салаларға жауапты басшылардың есептері тыңдалды. Сондай-ақ, бірқатар комиссиялардың құрамына кадрлық өзгерістер енгізілді. Өз кезегінде аймақ басшысы барлық сала өкілінің еңбегін ерекше атап өтіп, өңірдің өркендеуі жолындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығына тоқталды.